«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2024 жылы желтоқсанда ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстанда жылдың соңғы айында мемлекеттік мереке — Тәуелсіздік күні атап өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан дүйсенбі күніне сәйкес келеді.

Тиісінше, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында бірден үш күн демалады: 14, 15 және 16 желтоқсан.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері 14 және 16 желтоқсанға сай келеді.

Желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 6 демалыс күні бар.

Қазақстанда Жаңа жыл алдындағы 31 желтоқсан жұмыс күні болып табылады, мереке күндері қаңтардың алғашқы күндерінен басталады.

Ұқсас ақпараттар

Мұнай-газ саласының мамандары – экономиканың қуатты күші

admin_mugalzhar

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

admin_mugalzhar

Головкин-Мурата айқасы 200-ден астам елде көрсетіледі

admin_mugalzhar