«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОҚУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы кездесу Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларына өткізілді.
Кездесуге Мұғалжар ауданы прокуратурасының прокуроры Н.Ахметкерей, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы С.Абдиров, аудандық білім бөлімінің өкілдері және белсенді жастар қатысты.
Кездесуде жоғарғы сыныптың оқушыларына құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың салдары, қоғамдағы негізгі құндылықтар, қылмыс жасау, түнгі уақытта жалғыз қыдыру, ойын-сауық орындарына бару, қоғамдық орындарды ластау себептері мен салдарлары туралы дәрістер оқылып, сұқбат жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАТЕРЛІ ДЕРТТЕН ҚАЙТЫС БОЛАТЫНДАР САНЫ АЗАЙҒАН

admin_mugalzhar

30 тамызда самокатқа қатысты жаңа заң күшіне енеді

admin_mugalzhar

Қазақстанда алдағы уақытта «суперЦОНдар» ашылады

admin_mugalzhar