«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істеп жүр

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 246 шетел азаматы еңбек етеді, — деп жазды turkistan.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 543 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 859 және 917 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 120 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 293  адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Оларда 389,8 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8% — ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 155 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 387 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 363 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 359 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 168 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 664 адам, Өзбекстан – 1 230 адам, Түркия – 1 150 адам, Үндістан – 1 108 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 17,2 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ БАС ҚОСТЫ

admin_mugalzhar

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙ МЕН ҚАРАКӨЛГЕ САНИТАРИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.