«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде әскери қызметке запастағы офицерлер шақырылады

Әскерге жарамды және оны өткермеген 915 адам борышын өтеуі керек. Қазақстанда 2 жыл мерзімге әскери борышын өтеуге запастағы офицерлер шақырылады, деп хабарлайды Halyq Uni.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Толығырақ айтқанда, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 32-бабына сәйкес, офицер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскерге жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2025 жылы 24 ай мерзімге әскери қызметке шақырылады.

Қарулы Күштер қатарына бүгінде 700 адамды алу көзделген. Оның ішінде ҰҚК Шекара қызметіне – 80 адам, ІІМ Ұлттық ұланына – 131 адам, ТЖМ құрамына 4 адам қажет.

Жалпы алғанда, келесі жылы барлығы 915 запастағы офицер шақырылады деп күтіліп отыр.

Қаулы 2024 жылғы 30 қарашадан бастап күшіне енеді.

Ұқсас ақпараттар

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

САҒАТТАП КЕЗЕКТЕ ОТЫРСАҚ, ЖАЗЫЛЫМНЫҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША?

admin_mugalzhar

МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТТЕ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.