Аудан әкімдігінде қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетовтың төрағалығымен өткен отырысқа комиссия мүшелері қатысты.
Отырыста пробация қызметі есебінде тұрған және де бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан жұмыссыздарды 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша кәсіпорындармен мекемелерге және жеке кәсіпкерлерге жолдама беру, жалпы жұмысқа тұрғызу туралы және де меморандум бойынша атқарылған жұмыстарды ауданық мансап орталығының директоры Руслан Бисенбин баяндады.
Жиында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қысқа мерзімді курстарға және де «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы оқуға жолдау, жолданған оқу нәтижесімен бөлісу туралы, 2024 жылға бекітілген квотаның орындалу барысы және бекітілген квотаны орындау мақсатында мекеме, кәсіпорын басшыларымен жәрмеңке ұйымдастыру мәселелері сөз болды..
Сонымен қатар отырыста пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға құқықтық көмек көрсету, қоғамдық жұмыстарға, мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтарға қолданылып жатырған шаралар туралы мәселелер қаралды..
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.