«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда мыс балқыту зауыты іске қосылады

Тау-кен металлургия саласын дамыту аясында Абай облысында құны 1 млрд доллар болатын мыс балқыту зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады mugalzhar.kz сайты Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысумен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов мәлімдеді. Оның сөзінше, кәсіорынның қуаттылығы экспортқа шығарылатын мыс концентратын толықтай өңдеуге мүмкіндік береді.

«Qarmet» акционерлік қоғамы кезең-кезеңмен жоғары деңгейде өңделген сапалы металдар шығару, оның ішінде автомобиль жасауға қажетті болат өндіру көлемін ұлғайту үшін кәсіпорынды жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылдың өзінде компания автокөлік, және вагон құрастыруда, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісінде қолданылатын 25 мың тонна қоспалы болат өндірді.

Сонымен қатар, биыл Қазақстанда ел экономикасы үшін маңызды ірі инвестициялық бірқатар жоба жүзеге асырыла бастайды.

ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Премьер-министр айтқан ақпаратқа сәйкес, құны $7,4 млрд болатын полиэтилен зауыты салынады деп күтілуде. Қазақстанның Даму банкінің қолдауымен Павлодар облысында алкилат шығаратын кәсіпорын салынады.

Сондай-ақ «Qarmet» АҚ жылына 200 мың тас көмір шайырын қайта өңдеу жобасын іске асыруға кірісті. Жалпы құны $262 млн болатын жоба аясында көмір химиясы өнімдерінің 15 түрін шығаруды көздеп отыр. Сонымен қатар қытайлық China Energy компаниясы еліміздің экономикасына инвестиция құюға қызығушылық танытып, көмірді терең өңдейтін зауыт құрылысына $4 млрд салуды жоспарлап отыр.

Ұқсас ақпараттар

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН 62 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОТБАСЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ШЫҒЫНДЫ ӨТЕУГЕ ӨТІНІШ БЕРДІ

admin_mugalzhar

ЕСЕПШІНІҢ ЕҢБЕГІ ӘР САЛАДА МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

Бибігүл Төлегенова 95 жасын «Астана Опера» сахнасында атап өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.