«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ КУБОГІ» ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

№4 Қандығаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебінде 2014-2017 жылы туылған оқушылар арасында “Мектеп директорының кубогі” шахмат турнирі өтті.
Аталған шараға қала аумағындағы бес мектептің оқушылары қатысып, өз біліктіліктерін көрсетті.
Турнирге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Т.Әбдірзақ, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Қ.Омаров қатысып, зияткерлікті шыңдайтын ойынды тамашалады. Ал ойыншылар стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетіп, қырағылықтары мен алғырлықтарын байқатты.
Турнир қорытындысы бойынша І орынды №4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ-нің командасы жеңіп алып, чемпион атанды. Ал ІІ орынды Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы, ІІІ орынды №1 Қандыағаш қалалық ЖББОМ иеленді.
Жарыс нәтижесінде “Үздік ойыншы” мен “Үздік команда” анықталып, мектеп атынан сыйлықтар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

Ұлттық құрылтай: ел дамуының жаңа бағдары

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты

admin_mugalzhar

ЖЫЛЫЖАЙ АШАМЫН ДЕУШІЛЕРГЕ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar