«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Ақтөбе қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының ұйымастыруымен Мұғалімдер күні және Кәсіподақтар күніне орай «Кәсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» атты салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Мұғалжар ауданының бір қатар ұстаздары қатысып, мерекелік марапаттарға ие болды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Үздік әлеуметтік серіктес» байқауына қатысқан әлеуметік әріптестер «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен және ақшалай сыйақы сертификатымен Қандыағаш №1 ЖББОМ мектеп директоры Бахыт Утешова марапатталды.

Аудандық және облыстық кәсіби байқауларының жеңімпаздары және аудан, облыс, республика көлемінде оқушылар арасындағы олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны үшін Облыстық білім басқармасы мен Облыстық кәсіподақтың бірлескен Алғыс хатымен және «Мерке» шипажайына тегін жолдамаға №4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақмарал Нышан, Ембі №1 ЖББОМ, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кәмшат Жетмекова, Қандыағаш №1 ЖББОМ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ырзагүл Төлегенова, Елек НОМ, бастауыш пәні мұғалімі Гүлжамал Жұмабаева, Ақкемер ЖББОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алмас Упшинбаев, Жарық НОМ, көркем еңбек пәні мұғалімі Гүлмира Қалиева ие болды.

Аудандық, облыстық шаралардың белсенділері Облыстық білім басқармасы мен Облыстық кәсіподақтың бірлескен Алғыс хатымен және «Ташкент-Самарканд» қалаларына тарихи танымдық саяхатқа Мұғалжар аудандық білім беру кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұмагүл Жұмабаеваға, «Күншуақ» бөбекжай-бақшасының әдіскер маманы Жайна Жариеваға, Қ.Жұбанов ат ЖББОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрперзент Жұмабекке жолдама берілді.

Ұқсас ақпараттар

«САМАЛ» МӨЛТЕК АУДАНЫНА СУАҒАР САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

НА ЗАЩИТЕ ПРАВ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ

admin_mugalzhar

ЗАМАНАУИ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША КУРС ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.