«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Таза Қазақстан»: Экологиялық тазалыққа ұмтылу

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Таза Қазақстан» атты жалпыұлттық экологиялық акцияның маңыздылығын атап өтті.

Бұл бастама – тұтас халықты біріктіріп, еліміздің табиғи байлығын, экологиялық ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау мақсатында қолға алынған. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету, қоғамдық санада экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бүгінгі күні акцияға Ақтөбе облысының 418 мыңнан аса тұрғыны мен 7,6 мыңнан астам мекеме және кәсіпорын қатысты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 105 мыңғы жуық көппәтерлі және жеке тұрғын үй аулалары тазартылып, 291 саябақ пен сквер ретке келтірілді. 356 мың ағаш және 6,4 мың бұта отырғызылып, тұрғындардың экология мәселесіне деген жауапкершілігі арта түсті.

Біз экологияға ғана емес, мәдениеттілік пен жауапкершілікке де назар аударуға тиіспіз. Табиғатымызды қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ — ЕЛ МҰРАСЫ

admin_mugalzhar

Кенен Әзірбайұлының туғанына 140 жыл – 10 дерек

admin_mugalzhar

Біріккен зейнетақы арқылы сақтандыру сыйлықақысын алыңыз

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.