«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЧЕМПИОН АЯУЛЫМНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖҮЛДЕСІ

Азия чемпионы Аяулым Жұмабай жастар арасында қол күресінен өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Ол 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Аяулым Жұмабайды бапкері Санат Самат жаттықтырады. Бұған дейін жерлесіміз қол күресінен Молдова мемлекетінде өткен жасөспірім қыздар арасында әлем чемпионатында алтыннан алқа тағып, қол күресінен облыс тарихында алғаш чемпион атанды.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ҚЫЗДАРДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ

admin_mugalzhar

ОСК мүшелері еліміздің 20 өңіріндегі сайлауға дайындық барысын тексеріп шығады

admin_mugalzhar