«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары «Болашақ» шахтасын аралап көруден басталды. Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 миллион тонна хром рудасын өндіруге жетеді.

Мемлекет басшысына жаңа нысанда 1800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады.

✔️Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов «Болашақ» шахтасы ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатынын атап өтті.

Кәсіпорын «Миллионное» және «Алмас-Жемчужина» кен орындарын игерумен айналысады. Кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын интеллектуалды бұрғылау қондырғысы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сондай-ақ толықтай автоматтандырылған жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолданылады.

✔️Компания басшысының айтуынша, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасын іске қосу еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі тарихи оқиға болмақ.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас ақпараттар

Серік ШАҢҒҰТОВ, Мұғалжар ауданының 2006-2016 жылдардағы әкімі: ОЛ СӘТ МЕН ҮШІН ТАРИХИ КЕЗДЕСУ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ТІЛСІЗ ЖАУ ҚАПЫДА ҚАЛДЫРМАСЫН!

admin_mugalzhar

БАҚША БАПТАП, БЕРЕКЕ ТАПҚАН КӘСІПКЕР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.