«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қасым-Жомарт Тоқаев Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжіне барды

Президентке бұл білім ошағы еліміздің батыс өңіріндегі тау-кен саласына мамандар даярлайтын жалғыз кәсіптік оқу орны екені баяндалды.

1979 жылы негізі қаланған колледжде 1157 студент кенші, ұңғылаушы, кен байытушы, слесарь, тау-кен электр механигі, электр монтері және басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатыр.

Оқу орнының директоры Бағдашжан Молдашева Мемлекет басшысына білім беру үдерісінде қолданылатын озық технологиялар жөнінде мәлімет берді.

Атап айтқанда, колледжде теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын дуальды оқыту жүйесі енгізілген. Студенттер колледж аумағындағы оқу-шахта полигонында өндірістік тәжірибеден өтіп, техникамен жұмыс істеудің күрделі әдіс-тәсілдерін меңгереді.

Сондай-ақ жаттықтырушы-симуляторлар арқылы шахтадағы жағдайға барынша ұқсас ортада жұмыс дағдыларын үйренеді.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас ақпараттар

6 өңірде су тасқыны болуы мүмкін

admin_mugalzhar

Маусымнан бастап тағы 18 жол учаскесі ақылы болады

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы: «Елімізде қажырлы еңбегінің арқасында нағыз еңбек адамы атанған азаматтар өте көп»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.