«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІ: ЖАҢА РЕГЛАМЕНТ КҮШІНЕ ЕНЕДІ

2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАП ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ 2024 ЖЫЛҒЫ 31 ҚАЗАНДАҒЫ №761 БҰЙРЫҒЫМЕН БЕКІТІЛГЕН «АЛКОГОЛЬ ӨНІМІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ЖАҢА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ КҮШІНЕ ЕНЕДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ АУДАНДЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР АЙТТЫ.

Алкоголь саласы ел экономикасында маңызды рөлге ие, әйтсе де ең басты орында тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі тұр.

«Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» жаңа техникалық регламент тұтынушылар үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге, алкогольдік ішімдіктердің сапасын арттыруға және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымының ашық стандарттарын енгізу мақсатында қабылданған. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, алкоголь өніміне қойылатын Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға және орындауға міндетті талаптарды, олармен байланысты өндіріс, сақтау, тасымалдау (тасымалдану), өткізу және қайта өңдеу процестеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оның еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін алкоголь өнімін таңбалауға және буып-түюге қойылатын талаптарды белгілейді. Осы техникалық регламент адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, алкоголь өнімін тұтынушыларды оның мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында әзірленген, — деді аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов.

Оның сөзінше, осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын алкоголь өніміне қолданылады.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Бірінші сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі

admin_mugalzhar

2025 жылы нормативке сай жолдардың үлесі 100 пайызға дейін жеткізіледі

admin_mugalzhar

Алтын қорларының өсімі 98 тоннаны, мыс – 36 мың тоннаны құрады: геологиялық барлау қорытындылары

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.