Біздің аймақ өзінің географиялық орналасуына байланысты транзиттік мол әлеуетке ие.
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 78%-ға жеткізілді (2023 ж. – 75%).
Жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға ағымдағы жылы 64,5 млрд.теңге (РБ – 11 млрд. теңге, ОБ – 46,6 млрд. теңге, ЖБ – 6,8 млрд. теңге) 193 жобаны іске асыру көзделді.
Анықтама үшін: оның ішінде 68 жергілікті маңызы бар жол жобасы мен 125 қалалық және ауылішілік жол жобалары (303 көше).
Жалпы, бүгінде өңірде 500 шақырымнан астам жол жабындысы (асфальт және негіз) төселді, оның ішінде: облыстық жолдар 22,3 км, аудандық маңызы бар жолдар 267,7 км, қала ішілік жолдар 95,5 км, ауылішілік жолдар 114,5 км.
Облыс орталығы Ақтөбе қаласы назардан тыс қалмады. 200-ден астам көшені нормативтік жағдайға келтірдік.
Облыс тұрғындары мен қонақтарының көкейінде тұрған халықаралық Самара-Шымкент автожолындағы «Ақтөбе-Хромтау» бағытындағы тас жолы бойынша бүгінде, 2 учаскесінде барлық қажетті құжаттама әзірленді.
Ақтөбе қаласының Өлке тұрғын алабынан Хромтау ауданы Ақжар ауылына дейін учаскеде (км 791-819 (28 км)) 4 жолақты тас жолының негізін салу және коммуникацияларды қайта құру бойынша жұмыстар басталды.
Сондай-ақ, Ақтөбе қаласының Рауан тұрғын алабынан Өлке тұрғын алабына дейін (км 763-791 км (28 км)) учаскесі бойынша мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер өткізілуде.
Ал Хромтау ауданының Ақжар ауылынан Әйтекеби ауданының Ұлғайсын ауылына дейін учаскелеріне қажетті құжаттама әзірленуде.
Сонымен қатар, республикалық Орталық-Батыс дәлізінде орналасқан «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» (401 шақырым) республикалық автожолына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта, 25 шақырым пайдалануға берілді.
Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Атырау облысымен байланыстыратын 90 шақырымдық республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының құрылысы аяқталды (құны – 111,9 млрд. теңге.).
2025 жылға жоспар
Өңірдің транзиттік әуелетін бұдан әрі дамыту мақсатында «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» республикалық автожолының 110 шақырымы аяқталады.
Сондай-ақ, республикалық жолдар бойынша өңір үшін маңызды «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының
6 учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жоспарда.
Жергілікі жолда бойынша нормативтік жағдайдағы автожолдардың үлесін 80%-ға жеткізіледі. Аталған көрсеткішке жету мақсатында алдағы жылға 33,3 млрд. теңге сомасына
46 жобаны іске асыру немесе 400 шақырымнан астам жол жөндеу жоспарланды.