«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ӨНЕР БАРЫСЫ» ӨТТІ

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Өнер барысы”сайысы өтті.
Шараның басы 10 шілде күні палуандар үшін салмақ өлшеу, тіркелу рәсімдерінен бастау алды. Ал бүгін шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев, Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қарасай Омаров, «ЖасStar» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің директоры Нұрсұлтан Иманғазин қатысты.
Спорттық шара қатысушылары мен спортшылардың жанкүйерлеріне Бекболат Құлмағамбетов ата-бабадан жеткен  ұлттық өнерді ұлықтаудың маңызын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа барлығы 10 спортшы қатысып, өзара бақтарын сынайды.
Жарысқа қатысқан апайтөс палуандарды атап өтсек, “Кішкентай аю” лақап атымен Талғат Наурызғали, “Ақсакон молекула” лақап атымен Санат Самат, “Болашақ барысы” лақап атымен Аслан Болат, “Малой” лақап атымен Зайырбек Есенжолов, “Радриго” лақап атымен Дулат Юсупбаев, “МЗ” лақап атымен Бағлан Ғалымжан, “Сары піскен тары” лақап атымен Нұрсәт Қуаныш, “Допинг” лақап атымен Нұрлыбек Сәкен, “Қара бура” лақап атымен Дастан Сағидулла, “Мамай қара” лақап атымен Данил Мәлік есімді палуандар боз кілем көркін қыздырды.
Аталмыш жарыстың қорытындысы бойынша Данил Мәлік “Өнер барысы” атанды. 2 орынды Аслан Болат қанжығасына байлады. Ал жүлделі  үшінші орынға  ащысайлық Дастан Сағидолла ие болды. Сонымен қатар түрлі номинациялар мен сыйлықтар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫ ДАУЫС БЕРУДЕ

admin_mugalzhar

«Көрші елдерге қатты тәуелдіміз». Сарапшы неге атом энергиясы керегін түсіндірді

admin_mugalzhar

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.