Ақтөбе қаласында «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында еңбек ардагерлерінің аулалары мен тұрғын үй аймақтарын қардан тазарту акциясы өтті.
Шара өңірлік еңбек ардагерлерін қолдау, өзара көмек көрсетуді насихаттау, сондай-ақ «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасында белгіленген әлеуметтік мәселелерді шешуге жастар өкілдерін белсенді тарту мақсатында ұйымдастырылды.
Шараға облыстағы жастар ұйымдарының белді өкілдері, эко-белсенділері мен еріктілер шақырылды. Оның бірі еріктілер тобының жетекшісі – Жанерке Аманқызы Мирашова.
Ол жастарды еңбек ардагерлеріне жан-жақты көмек көрсетіп, қазақстандықтардың жаңа экологиялық санасын қалыптастыруға үлес қосуға шақырды.
«Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымыздың басты қағидаларының бірі ретінде аға ұрпаққа құрмет көрсетуге баса назар аудара отырып, жас ақтөбеліктерді елеулі әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді тарту.
Акцияның мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін және әлеуметтік маңызы бар бастамаларға белсенді қатысуды дамыту. Бұл шара неғұрлым жайлы және үйлесімді әлеуметтік орта құру үшін қоғамның күш-жігерін біріктірудің жарқын үлгісі болады», – деп атап өтті Жанерке Аманқызы.
Сондай-ақ, Қазақстан-Ресей халықаралық университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Әли Тукашев «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасыныңАқтөбе облысында жүзеге асырылу барысы туралы өз ойымен бөлісті.
«Биылғы жылдың өзінде облыста «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 100 мыңнан астам аула тазартылып, 290-нан астам саябақтар мен скверлер абаттандырылды, 260-қа жуық тарих және мәдениет ескерткіштері қалпына келтірілді, 350-ден мыңнан астам көшет отырғызылды.
Облысымыздың барлық мүдделі тұрғындарының күш-жігерінің арқасында біз ауқымды өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Біз бірігіп өңірімізді гүлдендіре аламыз!»- деп атап өтті.
Акция соңында еңбек ардагерлері аға буын өкілдерінің өзара көмек пен қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, жастарға қамқорлық танытып, белсенділік танытқандары үшін алғыстарын білдірді. Олар жас ақтөбеліктердің алдағы істеріне сәттілік, игі істердің жалғасын табуына тілектестік білдірді. Акцияға қатысушылар өз кезегінде мұндай шаралардың дәстүрге айналуы керектігіне, алдағы уақытта оларға бұдан да көп жанашыр азаматтар қосылатынына сенім білдірді.
Олар мұндай акцияларға қатысу өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесіп қана қоймай, қоғамның игілігі үшін маңызды болып табылатын қауымдастық пен ынтымақтықты нығайта түсетінін баса айтты.
Белсенділер мен еріктілер олардың күш-жігері басқа ұрпақтарды әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысуға және елдің әл-ауқатына қамқорлық жасауға шабыттандыратынына сенімді.