Аудандық мәдениет үйінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “SHYN PREMIUM” өткізілді. Шараға облысқа қарасты аудандардың Жастар ресурстық орталықтарының басшылары арнайы келіп қатысты. Шараны орталық басшысы Дәулет Серікбаев пен белсенді жас Бағлан Ғалымжан қағытпа әзілмен жүргізіп, көрерменнің жүзіне күлкі үйірді. Кездесуді аудан басшысы Дархан Ермағанбетов өзінің жылы лебізді сөздерімен ашып, бірқатар мұғалжарлық ерікті әрі белсенді жастарға Алғыс хат табыстады. Сонымен қатар креатив пен қызыққа толы премияда түрлі номинациялар бойынша 23 жанға «SHYN PREMIUM» статуэткалары берілді.
Кеш барысында қайырымдылық шарасы өткізіліп, ІІ сатылы бауыр ісігіне душар болған Бақытжамал Кушербаеваның еміне арналды. Келген көрермендерге лед экраннан арнайы реквизит көрсетіліп, дәл сол уақытта қайырымды жандар өз қалауларынша қаражат аударды. Айта кету керек, белсенді мұғалжарлықтарды еңбегіне қарай елейтін бұл шара өткен жылы бастау алған еді. Сонымен… биылғы “SHYN PREMIUM” шарасында еңбегі еленгендермен 8-ші бетте таныс болыңыздар…
Аяулым Жұмабай – «ЖАС СПОРТШЫ» номинациясының иегері. Биыл Өзбекстанның астанасы Ташкентте қол күресінен Азия чемпионаты өткен еді. Сол жарыста Қазақстанның намысын қорғаған мұғалжарлық оқушы Аяулым Жұмабай 45 келі салмақта шығып, қоржынға алтын салған болатын. Осы жарыста қол күресінен облыс тарихындағы алғашқы чемпион атанды. Аяулым қазақтың көк байрағынәлемгетанытыпқанақоймай, Молдованың астанасы Кишиневте өтетін Әлем чемпионатына жолдама ұтып алып, жасөспірім қыздар арасында Әлем чемпионы болды.
Санат Самат – «ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» номинациясының иегері. Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және «ЖасSTAR» дене-шынықтыру сауықтыру кешенінде балаларды қол күреске баулиды. Оның жаттықтырған оқушылары облыстық, республикалық, әлемдік байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Оған дәлел — жас спортшы Аяулым Жұмабай.
Индира Байдоллина – «ЕҢБЕКҚОР» номинациясының иегері. Ол өзін басқалардан өзгеше немесе кем көрмейді. Өзімен тағдырлас жандарғада «мүмкіндігімшектеулі» депойламау керектігін, мидағышектеуді алып тастап, «қолымнан бәрі келеді» деп алға ұмтылу қажет екендігін айтады.
Аслан Болат – «УНИВЕРСАЛ АДАМ» номинациясының иегері. Ол ауданға «Асеке» лақап атымен белгілі асаба, шоумен, мерекелік кештердің жүргізушісі, сондай-ақ №3 мектеп-гимназиясында мұғалім. Бұған дейін 2020-2021-2024 жылдың «Ең үздік тамада» атақтарына ие болған.
НұрболатТәжіғұлов – «ЖЫЛ БАТЫРЫ» номинициясының иегері. Бұл жігіт биылғы қыстағы ақпанның ақтүтек боранында 36 шақырым жерді жаяу жүріп, көлікке жол көрсетіп, науқасжандыауруханаға жеткізген бірнеше құтқарушының бірі. Оның қарлы боранмен күресіп, жаңа ғана демін алған сәті сол уақыттағы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көптің алғысына бөленді. Бейбіт күндегі бұл батырлығы еленген мұғалжарлық құтқарушы осы жылы мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін алды.
Гүлсая Қалжанова – «БАТЫР АНА» номинациясының иегері. 34 жастағы Қандыағаш қаласының тұрғыны биыл 7 тамыз күні үшемді дүниеге әкелді. Жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің үшеуі де ұл бала. Салмақтары 2100 гр, 2400 гр, 2500 гр болған ұл балаларға Хамза, Ибраhим, Ахмад есімдері берілген. Осығандейін 3 ұл, 1қыз тәрбиелеп отырған отбасы бірден 7 баланың ата-анасы атанды. Балалардың әкесі Әділхан теміржол саласында еңбек етеді.
Айгүл Балгарина – «ҮЗДІК ЖҮРГІЗУШІ» номинациясының иегері. Мұғалжарлықтар алдымен оны дауысы арқылы таниды. Себебі ауданда жылына шамамен 1000-ға жуық шараны, әсіресе орталықта өткізілген шаралардың басымын жүргізіп, көпшілікті өзінің сыңғырлаған даусымен баурайтыны бар.
Дулат Юсупбаев — «ҮЗДІК МОБИЛОГРАФ» номинациясының иегері. Заманауи мамандықты меңгерген ол бүгінде ауданға танымал мобилограф. Дулат ұялытелефонға таспалауды осыдан 3 жыл бұрын бастаған. Бүгінде жеке курстарын өткізуде.
Maki Maki – «ЖЫЛ ЖАҢАЛЫҒЫ» номинациясының иегері. Қыркүйек айында Қандығаш қаласында танымал бренд Maki Maki суши-пицца жеткізу желісінің жаңа нүктесі ашылған еді.
Ащысай ауылдық округі – «ҮЗДІК АУЫЛ ЖАСТАРЫ» номинациясының иегері. Үнемі ауызбіршілікте жүретін ауыл жастары қашан да қоғамдық, спорттық, кезкелген салада жоғары дәрежеде үздіктердің қатарында. Осы ауызбіршіліктері басқа ауылдарға алдағы уақытта үлгі болсын дегенді көздеген ұйымдастырушылар осы номинацияны қосқан екен.
Ізгі қала – «ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛЫҚ ТОП» номинациясының иегері. Инстаграм парақшасы арқылы қандыағаштықтар үшін жақсы таныс «Қандыағаш — қайырымды қала» деп аталатын жастардан құрылған азаматтық бастамашыл топмүшелері де қайырымдылыққа біркісідей атсалысып жүр. 2020 жылы өз жұмыстарын бастаған еріктілер тобында 20-ға жуық жастар бар.
Салауат Сәңкібай – «ЕРЕКШЕ ДАУЫС ИЕСІ» номинациясының иегері. Кез келген мерекелік шарада міндетті түрде бұлжігіттің қоңыр дауысымен әндер орындалады. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, лауреаты атанып жүрген ол бүгінде аудандық мәдениет үйінің өнерпазы.
Руслан Кішкенебаев – «ҮЗДІК КӘСІПКЕР» номинациясының иегері. Ол Қандыағаш қаласында жақсы сапада ерлер киімін сатумен айналысыпжүргенжандардың бірі. Бүгінде ол KRU, SERGIO KELZIN магазиндерінің негізін қалаушы. Сондай-ақ 10 жыл ритейл саласында еңбек етіп жүрген жан.
«Qyran» спорт клубы – «ҮЗДІК КЛУБ» номинациясының иегері.Бұл клуб 2021 жылы ашылды. Бүгінгі таңда дзюдо және қазақ күресі бойынша 200-ге жуықбала, 5 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ – «ҮЗДІК МЕКТЕП» номинациясының иегері. Көптеген байқауларда, сапалы білім беру саласында алдыңғы қатарларда жүретін бұл білім ордасы үздік деп танылды.
«Слово Кандыагаш» видеоролигі – «ҮЗДІК ҚЫСҚА МЕТРАЖДЫ ФИЛЬМ» номинациясының иегері. Аудан жастарын жақсылыққа, қиын жағдайдағы жандарға көмектесуге шақыратын бұл видеоролик жанжаққа тарап, көрсетілім деңгейі жақсы нәтиже көрсетіп, тұрғындардың қолдауына ие болды.
Мейіржан Байзақ – «ҮЗДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ» номинациясының иегері. Үнемі қиын жағдайға, келеңсіз сәттерге тап болғанда осы кісіні шақырсаңыз, үнемі көмек көрсетуден бас тартқан емес. Нұрдаулет Нәдір – «ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР» номинациясының иегері.Бүгінде ол аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.
«Caramel» кафетериясы – «ҮЗДІК ДЕМЕУШІ» номинациясының иегері.Үнемі ЖРО ұйымдастырған шараларда демеушілік танытып, жастарды қолдап жүрген Caramel кафетериясына да премия беруді шешкен екен.
Аян Шарбосин – «ЖЫЛ БЛОГЕРІ» номинациясының иегері. Ол брлығына белгілі @kandyagash_ public парақшасының иесі.
Нұрсәт Қуаныш – «ҮЗДІК ТАМАДА» номинациясының иегері. Тамадалықпен айналысқанына шамалы уақыт болса да, танымалдылыққа ие болған жас тамада үздіктердің қатарынан көрінді. Томирис – «ЕҢ КІШКЕНТАЙ БЛОГЕР» номинациясының иегері.
Дастан – «СПОРТ ЖАНАШЫРЫ» номинациясының иегері. Барлық спорттық шараларда белсенділік танытып, жас спортшыларды қолдап-демеп жүретін оның еңбегі зор екенін жеткізді ұйымдастырушылар.
Тұмар – «ҮЗДІК МЕЙРАМХАНА» номинациясының иегері. Мейрамхана биыл күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылып, ерекше стильде ашылған болатын. Бүгінде тойдыңбарлық түрі, мерекелік кештер осы мейрамханада тойлануда.
Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ