«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҒИЗАТ ТҮСІПБАЕВ «ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» АТАНДЫ

Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2024» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті.

Салтанатты жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты.

Осы іс-шараға қатысқан Ембі қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы Ғизат Түсіпбаев – «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы номинациясымен және 1 млн теңгелік сертификатпен марапатталды.

Ғизат Түсіпбаев 2009 жылдан бері Ембі қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде еңбек етеді. Ол Париж Олимпиадасына қатысқан жерлесіміз Мейрамбек Қартбайдың алғашқы бапкері.

Ұқсас ақпараттар

Конституциялық комиссия екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері бойынша нормаларды талқылады

admin_mugalzhar

ҚОЖАСАЙЛЫҚТАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАБУДА

admin_mugalzhar

АЗАН ШАҚЫРУДАН ЖАРЫСТЫ

admin_mugalzhar