«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2024 жылы әлемдік мінберлерде Қазақстан көтерген 10 бастама

Жоғары деңгейдегі халықаралық бастамаларды көтеріп жүрген ел ретінде Қазақстанның орны айқындалып келеді. Биыл да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық жобалар мен форумдарға бастамашы болып, биік мінберлерде маңызды бастамалар көтеріп, еліміздің әлемдік аренадағы үні мен орнын айқындауға үлес қосты, — деп жазды turkistan.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Биыл Қазақстан бірден 6 халықаралық ұйымға төрағалық етті, одан бөлек «орта держава» мәртебесін нықтады, бітімгершілік бастамалары туралы да айтпай кету мүмкін емес. Бұл, сондай-ақ еліміздің маңызды жаһандық мәселелерге қатысты өз көзқарасын, олардың шешімін табуға жәрдемдесе алатындай әлеуетін танытады.

Солардың ең негізгісіне тоқталып, шолу жасап өтейік.

  1. «Орта державалардың» уақыты келді

Биылғы мамырда Euronews-ке берген сұхбатында Мемлекет басшысы «Орта державаларды» белсенді әрекет етуге шақырып, дүние жүзіндегі шиеленіскен жағдайды реттеуге осы орта күштердің әлеуеті зор деген пікірін жеткізді. Президент Тоқаев халықаралық алаңдарда сөйлеген сөзінде Қазақстанның «орта держава» екенін жиі айтады.

  1. Бітімгерліктің алаңы

2024 жылы Қазақстан Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік шарты бойынша келіссөздер жүргізу үшін Алматыда алаң ұсынды. Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстың тарихы тереңде жатыр. 2024 жылы Қазақстан бұл қақтығысты бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесу үшін нақты қадамдар жасады.

  1. Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік

Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының 80, сондай-ақ ШЫҰ мен БҰҰ ынтымақтастығының 20 жылдығына қарай «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастаманы қолдау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды.

  1. БҰҰ Бас Ассамблеясындағы бастамалар

БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында Президент Тоқаев көпжақты ынтымақтастықтың маңызына тоқталып, жаһандық қауіпсіздікке қатысты жаңа көзқарасын жеткізді. Соның ішінде Әскери саладағы сенім шаралары туралы келісімді әзірлеп, қабылдауды ұсынды.

  1. Алматы – орнықты даму мақсаттарының орталығы

Президент Алматыда БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары орталығын ашуды ұсынды, бұл Қазақстанның жаһандық бастамаларда белсенді екенін көрсетеді.

  1. Киберқауіп – жаңа сын-қатер

Президент ШЫҰ елдеріндегі ақпараттық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ұдайы ақпарат алмасуға, үздік тәсілдер мен озық тәжірибелерді қолдануға бағытталған арнайы механизм әзірлеуді ұсынды.

  1. Ортақ инвестициялық алаң

ШЫҰ аясында Экономикалық жеңілдіктер базасын құру туралы Қазақстанның ұсынысы өз күшінде қалды. Президент инвестициялық жобаларды талқылап, бекіту үшін бірыңғай алаң құру қажет екенін жеткізді.

  1. Бастысы – бейбітшілік

Шілде айында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Президент Тоқаев Қазақстанның бейбіт күш-жігерді қолдауға қатысты ұстанымын растады.

  1. Ядролық қарудан азат әлем құру

Қазақстан биыл да ядролық қарудан азат әлем құру бағытында ғаламдық декларацияны әзірлеуге белсене атсалысты.

  1. One Water Summit: жаңа жаһандық зерттеу орталығы қажет

БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Қазақстан Франциямен бірлесіп жаһандық су проблемаларын шешуге бағытталған «One Water Summit» халықаралық форумын ұйымдастырды. Форумда Қасым-Жомарт Тоқаев мұздықтарды зерттеу және қорғау үшін жаһандық зерттеу орталықтарын біріктіретін серіктестік құруды ұсынды.

Ұқсас ақпараттар

Жаздың алғашқы айында Қазақстанның үш облысында құрғақшылық болады деп болжануда

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫН ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІКТЕР РЕФЕРЕНДУМҒА ЕРЕКШЕ АТСАЛЫСУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.