«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА 2351 КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАР

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері артты. Бүгінгі таңда Мұғалжар ауданында жалпы саны 2351 көпбалалы отбасы бар. Оның 1576-сы төрт, 565-і бес, 163-і алты, 36-сы жеті, 8-і сегіз, 2-еуі тоғыз, 1-і он балалы отбасылар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақтөбе облысы бойынша филиалының Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Мұғалжар аудандық бөлімінің басшысы Ақмарал Нұрмағамбетова көпбалалы отбасыларға төленетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшерінің артуы — 2025 жылы айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюымен байланысты екенін жеткізді.

2025 жылы төрт балаға – 63 030 теңге, бес балаға – 78 798 теңге, алты балаға – 94 565 теңге, жеті балаға – 110 332 теңге төленеді. Ал сегіз және одан да көп балаға – әр бала үшін 15 728 теңгеден қосылады. Сондай-ақ алты және одан да көп баланы дүниеге әкелген аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісімен марапатталғандардың да алатын мемлекеттік жәрдемақылары ұлғайды. Енді олар ай сайын 7,4 АЕК, яғни 29 096,8 теңге және 6,4 АЕК, яғни 25 164,8 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы алады. Ауданда 331 «Алтын алқа», 503 «Күміс алқа» иегерлері бар, — деді Ақмарал Нұрмағамбетова.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

БӘСЕКЕЛЕСТІК БАР ЖЕРДЕ БАСЫЛЫМНЫҢ САПАСЫ АРТАДЫ

admin_mugalzhar

ТІРІҢДЕ СЕН БАУЫРЫМ ДЕП КЕТКЕНДЕР БҮГІНДЕ БАУЫР ЕТІҢ БАЛАҢДЫ ЖАТСЫНЫП ЖҮР…

admin_mugalzhar

Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік алуды тездету қанша тұрады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.