«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАҚШАДА ШЫҚҚАН ШУ: ЖАУАП ҚАНДАЙ?

Әлеуметтік желіде Қандығаш қаласындағы «Самал» бөбекжай бақшасында таңғы ас уақытында орын алған оқиғаның видеосы тарады. Видеодан балаларға арналып пісірілген ботқа ішінде жүрген жыбырлаған құрттарды байқауға болады. Біз аталған видеоны аудандық білім бөлімінің мамандарына жолдап, түсініктеме беруін сұрадық.
-Жоғарыдағы көрсетілген мән-жайлар бойынша Мұғалжар аудандық білім бөлімінің тарапынан қызметтік тексеру жұмыстары басталды. Қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер тиісті жауапкершілікке тартылатындығын хабарлаймыз, — деп жауап берді аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол.

Ұқсас ақпараттар

Армия аналардың көзімен: Ашық есік күнінде әскери бөлімдерге 4000-нан астам адам келді

admin_mugalzhar

НҰРБОЛАТ — БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ 587 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

admin_mugalzhar