«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАУІПСІЗДІК — БАСТЫ НАЗАРДА

Жаз мезгілінің келуімен бірге суға шомылу маусымы мен өрт қауіпті кезең басталады. Осыған орай аудан әкімдігінде қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында арнайы жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенамановтың төрағалығымен өткен отырысқа аудандық бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, білім беру ұйымдарының өкілдері мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қатысты.
Жиын барысында суға шомылу маусымында тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шомылуға рұқсат етілмеген аймақтарда алдын алу шараларын ұйымдастыру, өрт қаупі жоғары кезеңде орман, дала және елді мекендерде өрттің алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстар егжей-тегжейлі талқыланды.
Әкімжан Есенаманов өз сөзінде бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі және үйлесімді болуы қажет екенін атап өтті.
-Жаз мезгілінде оқыс оқиғалар саны күрт артады. Балалардың қараусыз қалуы, су айдындарында сақтықтың болмауы, отты абайсыз пайдалану қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан әрбір мекеме, әрбір ауыл әкімдігі қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән беруі тиіс. Бұл – біздің азаматтық әрі қызметтік міндетіміз, — деді ол.
Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері аудан аумағындағы өзен-көлдер мен су қоймаларының жағдайы, өртке қауіпті аймақтар мен қатерлі учаскелер туралы баяндама жасап, қазіргі таңда қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстарын арттыру, мектеп жанындағы жазғы лагерлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау, халық арасында жадынамалар тарату, рейдтер ұйымдастыру сынды жұмыстар күн тәртібіне қойылды.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын жеке бақылауына алатынын жеткізді. Сонымен қатар тұрғындармен жұмысты жандандырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру баршаға ортақ міндет екенін ескертті.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫ «АЙБЫН» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

admin_mugalzhar

БАЛАНЫ ДАМЫТУ КАБИНЕТІ — АНАНЫҢ КӨМЕКШІСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.