«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қандыағашта жатақхана ашылды

Кеше Қандығаштағы өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің жанынан студенттерге арналған жатақхана ашылды. Жатақхананың ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева, Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов қатысты.

Оқу ғимаратының ішінен ыңғайластырылған 40 орындық жатақхананы ашуға облыстық бюджеттен қаражат бөлінген. Үстіміздегі жылдың тамыз айында қолға алынған жатақханадағы барлық бөлмелер жиһаздармен толық жабдықталған.

Енді қаладағы арнаулы орта білім беретін оқу орнында білім алатын студенттерге әсіресе, басқа елді-мекендерден келіп оқитындар үшін қолайлы болмақ. Осы күнге дейін пәтер жалдап келген студентерге бұл ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында қуанышты жаңалық болды. Колледж директоры Бек Байболовтың айтуынша, оқу орнында жалпы 9 мамандық бойынша, 366 студент білім алса, соның ішінде ауданға қарасты елді мекендерден 73, басқа ауданнан 15, өзге облыстан 5 студент оқиды.

Ашылу салтанаты барысында, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева ауданның бірқатар ұстаздарына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің «Алғыс хатын» табыс етті.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

 

 

 

Ұқсас ақпараттар

Қауіпсіз келешек

admin_mugalzhar

600-ГЕ ЖУЫҚ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

admin_mugalzhar