«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Шаруалардың мерейлі мерекесі

Бейсенбі күні Мұғалжар ауданының шаруалары ауылшаруашылық қызметкерлері күнінде бас қосты. Оларды төл мерекелерімен аудан әкімінің орынбасары Дастан Сағыров құттықтап, бірқатар ауылшаруашылық саласының майталмандарын марапаттады.

Өңірдің өркендеп өсуіне үлесі қомақты бұл саланың соңғы жылдары өрісі кеңейіп келеді. Әсіресе, ауданда малшаруашылығының дамуы жақсы. Әрі жылдан жылға  мемлекеттік тарапынан көрсетілетін қолдау көлемі  де өсіп, мал басының  саны мен  өндірілген  өнім   көлемі де  ұлғаюда. Мәселен, аудан әкімінің орынбасары Дастан Сағыровтың айтуынша, қазіргі  таңда   аудан   бойынша  49 мың бас  ірі қара, 165,5 мың   бас қой, 12 мың 700    бас  жылқы, 410 бас шошқа, 270 бас  түйе  және 67,0 мың  бас  құс тіркелген. Бұл  көрсеткіштер 2016  жылдың  осы кезеңімен   салыстырғанда  ірі  қара, қой-ешкі, жылқы — 102,0 пайызға өскен. Ал өндірілген ауылшаруашылық өнімдерге келетін болсақ, өткен жылдың  осы уақытымен   салыстырғанда  ет  өндірісі  106,4, сүт 100,8, жұмыртқа 113,9  және  жүн 101,6  пайызға  артқан. Сонымен қатар, биылғы жылы ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін шағын өндіріс орындарының ашылуы да қарқын алды. Нақтырақ айтқанда, Қандыағаш  қаласында «ҚандыағашКоммерцГрупп» ЖШС-і қуаттылығы   тәулігіне  10 тонна  шұжық, ет  консервілерін  өндіретін  шағын  ет  комбинаты   іске  қосылып,  өнімдерін  сауда  орындарында сатылуда. Ақкемер елді мекенінде  «Елек-Агро» Ауыл Шаруашылығы Кооперативі   қуаттылығы тәулігіне  1,5 тонна  модульдік   сүт  қабылдау   пунктін  орналастырып  іске  қосуда  және 5,8 млн.теңгеге  арнайы  сүт  тасымалдайтын  автокөлігі «Ақтөбе АгроСервис» ЖШС  арқылы  лизинг желісі  бойынша алынып  отыр. Ақкемер ауылдық  округіндегі «Тайбұрыл»  шаруа  қожалығы  100 басқа  арналған  сүтті-тауарлы ферма ашылуы  жоспарланып, бүгінгі  күнге  құрылыс  жұмыстары  басталып  кетті және қасынан  шағын  сүт  өнімдерін  өндіру  цехы  ашылуы  көзделіп  отыр.

Ауданның ауылшаруашылық саласының осыншалықты дамуына әрбір бір шаруаның қосқан үлесі қомақты. Ол еңбек те өз кезегінде елеусіз қалмайды. Аталған мерекелік шарада, 3 шаруа облыс әкімінің, 9 шаруа облыс әкімі орынбасарының, 10 шаруа аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Сонымен қатар, 6 шаруа «Ең үздік механизатор», «Ең үздік жылқышы», «Ең үздік шопан», «Ең үздік малшы», «Ең үздік дәстүрлі емес өнім өндіруші», «Ең үздік мал дәрігері» номинацияларына ие болды. Және 2 адам ауылшаруашылық саласы қызметкерлері кәсіподақ  ұйымының тағайындауымен ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен  бір адам «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Әнуар ЕСҚАРА

 

 

 

 

 

Ұқсас ақпараттар

ПАЛУАНДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбелік хоккейші қыздар марапатталды

admin_mugalzhar

Елімізде биатлоннан жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.