«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ БЕН ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ӨСЕДІ

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, мұнай өнімдері мен сұйытылған газ бағасы биыл кезең-кезеңімен қымбаттайды, деп хабарлайды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Президент жанындағы энергетикалық кеңесте жанар-жағармай бағасын либерализациялау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар сұйытылған мұнай газының бағасы біртіндеп өседі. Тауар газы бойынша баға өсімінің нақты индикаторлары бар, – деді министр.
Оның айтуынша, Үкімет баға бақылауына қатысты нормативтік және әкімшілік шараларды сақтап қалады.
-Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының күрт өсуіне жол берілмейді. Ақпан айында мұнай өнімдерінің, ал жақын арада сұйытылған газдың бағасы көтеріледі деп күтілуде. Тауарлық газдың бағасы биылғы жазда өседі, – деді Алмасадам Сәтқалиев Үкіметте өткен брифингте.

Ұқсас ақпараттар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде заңсыз иеленген активтер есебінен салынып жатқан балабақша құрылысы қарқынды

admin_mugalzhar

«ҚЫС-2024» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.