«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл елімізде алғаш рет тақтатас мұнайы өндіріледі

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай-газ саласындағы әлеуетті жобаларға тоқталды, — деп жазды kaz.inform.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

2024 жылы ҚазМұнайГаз Қызылорда, Атырау және Ақтөбе облыстарында төрт жоба бойынша бұрғылау жұмыстарын бастады. Бұл жобалардың жиынтық геологиялық ресурстары мұнай эквиваленті бойынша 800 млн тоннадан асады. Биыл алғашқы қазақстандық тақтатас мұнайы өндіріледі деп күтілуде. Бұл мұнай мен газ саласына инвестициялар тарту үшін қосымша серпін береді, — деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр «Батыс Прорва» және «Барханная» кен орындарында шамамен 19 млрд текше метр газдың қорын игеру басталатынын мәлім етті.

— Қарағанды облысында жерде сирек кездесетін металдардың 17 түрі бар ірі кен орны табылды. Сонымен қатар осы Қарағанды облысында электромобильдерге арналған батареялар өндірісінде қолданылатын графит концентратын өндіру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Қашаған мен Жаңаөзенде Газ өңдеу зауыттарының құрылысы жалғасуда. Қашағандағы екінші Газ өңдеу зауыты мен Қарашығанақтағы Газ өңдеу зауытының жобалау жұмыстарын бастау үшін инвестициялық шешімдердің қабылдануын күтіп отырмыз, — деді Олжас Бектенов.

 

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТЫ БӨЛЕК, ЖҮРЕГІ БІР ОТБАСЫ

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ӘКІМІ «ЗӘРУ» ПАНТЫМЕН ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

Өмірін өнермен өрген өнерпаз

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.