«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПОЭТИКАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

Қаракөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Біз Қадырды оқимыз» поэтикалық марафоны өтті.
Қадыр Мырза Әлінің шығармаларымен таныстырып, өлеңдерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға А.Жұбанов атындағы ЖББОМ-тің 4-сынып оқушылары қатысты.
Н.Камалбай ақынның «Досымбай осындай», А.Ерланқызы «Өшіргіш пен қарындаш», Р. Атырауова «Қала менің тұғырымдай», О.Калышев «Бұлт», Т.Қазымова «Шана», С.Иванов «Ана тілі» өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып берді.
Шара соңында кітапханашы Ж.Талдыкова марафонға белсене қатысып, ақынның өлеңін нақышына келтіріп айтқан оқушыларға өз тарапынан сыйлықтар берді.

Ұқсас ақпараттар

НАПЕРЕКОР СУДЬБЕ

admin_mugalzhar

30 градусқа дейін аяз. 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — ҚОРҒАНЫС ІСТЕР ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ

admin_mugalzhar