«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

30 градусқа дейін аяз. 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды солтүстік-батыс антициклоны ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі», — делінген хабарламада.
Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 28 градус қатты аяз болуы мүмкін.

Астанада көшпелі бұлт шығады, аздаған қар жауады. Батыстан жел соғады, түнде оңтүстік-батыстан 3-8, күндіз секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -11-13 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -3-5 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -1+1 градус болады.

Ұқсас ақпараттар

2023 жылы айыппұл мөлшері қалай өзгерді

admin_mugalzhar

МАМАНДЫҒЫМ — МАҚТАНЫШЫМ, МӘРТЕБЕМ

admin_mugalzhar

25 ақпаннан бастап емделу үшін зейнетақы ақшасын шешуге болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.