«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 15 ӨЗЕНДЕ МҰЗ ЖАРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛАДЫ

Ақтөбе облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 15 өзеннің арнасындағы мұз жарылады, деп хабарлайды 24KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Өңірде қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Былтыр облыстың бірнеше елді мекенін су басып, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалған еді. Қызыл су бұзған бөгеттер жөнделді ме?
Ақтөбе облысында былтыр еріген қар суы бірнеше қорғаныс бөгетін бұзып, өзен жағалай қонған ауылдарды су басты. Ағын су үстімен жүрген сең соғып қираған үйлер де аз емес. Сондықтан биыл Төтенше жағдайлар департаменті мамандары өзен көлдердің арнасында кептеліс болмау үшін 15 жерде мұз жаруды жоспарлап отыр.
-Облыс бойынша су тасқыны қауіпті учаскелер тізбесіне 58 елді мекен кіреді. Бірақ барлық елді мекендер бойынша толықтай іс-шаралардың барлығы жүргізіліп аяқталды. Қазір бұл елді мекендерде қауіп барынша азайтылды, — дейді облыстық ТЖД басқарма бастығы Әлішер Сырбаев.
Бұдан бөлек, 45 шақырымға жуық өзен жағалауы бекітілген. Қар суы жиналатын арналардың бойына 155 құбыр орнатылды. Облыстағы ең ірі Ақтөбе су қоймасы күрделі жөндеуден өтті. Республикалық бюджеттен 540 млн теңге бөлініп, жоғарғы және төменгі су өткізу каналдары, көктемгі су тасқынында ашылатын арналары жаңартылды. Сонымен қатар елді мекендерді қызыл судан қорғайтын 19 бөгетте жөндеу жұмыстары былтыр басталған.
Қазір өңірде дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Апта соңында жауапты мекеме мамандарына арналған кешенді оқу-жаттығу өтеді. Оқыс оқиға бола қалса, зардап шеккен жандарды уақытша жайғастыратын 200-ге жуық орын бекітілген. Су тасқынымен күресуге 2500 адам мен мыңнан астам техника жұмылдырылмақ.

Ұқсас ақпараттар

«ДӘУІР ДЕФИЛЕСІ» ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР ШЕРУІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЧЕМПИОН АЯУЛЫМНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

Димаш Құдайберген Түркияда жеке концертін өткізетінін хабарлады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.