Жем қалалық мәдениет үйінде қалалық кітапханамен бірлесе отырып, Хан тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевқа арналған “Аққулар ұйықтағанда» атты еске алу кеші мен М.Мақатаев — поэзия тұлпары» тақырыбында поэзия байқауы өткізілді.
Шара барысында «Халықтық» атағы бар әзіл-сықақ отауының өнерпаздары ақынның «Аққулар ұйықтағанда” поэмасынан үзінді көрсетіп, мәдениет үйінің қызметкерлері ән шашуларын тартуетті. Сонымен қатар поэзия байқауына қатысқан Жем қалалық №5 орта мектебінің оқушылары ақынның өлеңдерін орындап, жүлделі орындар мен түрлі номинацияларға ие болып, Дипломмен марапатталды.
Ал ақынның 94 жылдығына арналған поэзия байқауында алдымен Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, әндері мен поэмалары таныстырылды. Ақынның өлеңдері мен поэмалары арқылы жасөспірімдерді әсемдікке, елжандылыққа, елін-жерін сүюге талпындыру мақсатында ұйымдастырылған шарада «Жыр жүйрігі — Мұқағали» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Содан кейін негізгі бөлімде басталған байқауға№5 орта мектебінен 22 оқушы қатысты. Олардың арасында «Ей, өмір» өлеңін нақышына келтіріп орындаған М.Дүйсенғали І орын, ал “Үш бақытым» өлеңімен көзге түскен С.Думанбеков жүлделі ІІ орынды иеленсе, үздік үштіктен көрінген А.Думанбекова “Сәби ана” өлеңін мәнерлеп оқып берді. Байқау соңында мәдениет үйінің қызметкерлері ақынның сөзіне жазылған «Сенің көзің…», «Арулар» әндерін орындап, кештің көркін келтірді.