КЕШЕ АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
Мәслихат депутаты Иляш Ниязова төрағалық еткен шараның күнтәртібіндеаудандықбілім, ішкі саясат, жер қатынастары, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімдерінің басшылары баяндама жасап, өткен жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарының есебін берді. Жиын барысында сөз алған білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол өткен оқу жылында аудан аумағындағы білім беру ұйымдарының жеткен жетістіктеріне тоқталып, осы жылы пайдалануға берілген мектептер жөнінде ақпарат беріп, бірқатар мәселелерді атап көрсетті.
— Соңғы екі жылда ауданда бес мектеп салынды. Ал осы жылы тағы да бес білімберумекемесін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ бірнеше мектептер мен балабақшалар күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді. Әлі де жөндеуді қажет ететін білім ордалары жетерлік. Бұл мәселелерді алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешуді жоспарлап отырмыз. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше мектептің жобалықсметалық құжаттары дайындалуда, — деді білім бөлімінің басшысы.
Олоқушылардың да қауіпсіздігі басты назарда екенін айтып, аудандағы білім беру ұйымдарына 1000-ғажуық бейнекамера, 70- ке жуық дабыл түймесі, 20-дан астам турникеттің қойылғанын жеткізді. Екінші болып мінберге көтерілген аудандық ішкі саясатбөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев бүгінде аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты екенін, идеология бойынша жұмыстың қалыпты жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ комиссия отырысында жер қатынастары бөлімінің басшысы Серік Қазмағанбетовтің жасаған баяндамасында 2024 жылы 111 жер иеленушіге көлемі 10,391 гектар болатын 119 жер учаскесі 53 110 083 теңгеге сатылғаны белгілі болды. Ал пайдаланылмаған жер учаскесін қайтару бойынша өткен жылы 10 268 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Ал кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің өткен жылы атқарғанжұмысынатоқталғанбөлім басшысы Бауыржан Жалмағанбетов 2024 жылыауылшаруашылығы саласындағы өндірілген өнім көлемі 29 844,5 млн теңге құрағанын, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 106,8 пайызға артық болғанын мәлімдеді. Ал ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестициякөлемі — 404,0 млнтеңге. Бұл қаражатқа ауыл шаруашылығына қажетті техникалар сатып алынған.
Баяндамашыларды тыңғылықты тыңдаған мәслихат депутаттары ауылшаруашылық жерлеріне қатысты бірнеше мәселе көтеріп, шаруалардың жұмысын насихаттап, еңбектерін көрсету мақсатында ауданда «Сабан той» жасауға ұсыныс білдірді. Шара соңында қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.
Н.ІЗБАСХАН