«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған логотип бекітілді

Логотипте Әлияның бейнесі, қазақтың ұлттық оюы мен «100 жыл» деген белгі ерекше үйлесім тапқан.

Биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Атаулы датаға орай мерейтойлық логотип бекітілді.

Логотип — батыр рухына деген тағзымның символы, оның есімін ұрпақ жадында мәңгі қалдырудың көрінісі болады дейді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Мерейтой аясында Ақтөбеден шығатын барлық өнімдерде осы логотип бейнеленеді. Бұл бастама Әлия Молдағұлова атындағы туған өлкенің ғана емес, барша қазақ елінің батыр қызға деген құрметін көрсетпек.

100 жылдықты атап өту жоспарына сәйкес облыстық деңгейде 100-ден аса іс-шара өтеді. Мерейтой республикалық салтанатты шаралар тізіміне енгізілді.

100 жылдық қарсаңында Әлия ауылдық клубы, «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың атындағы мемориалдық музейіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекеттік қызметшілерге арналған кәсіби өзін-өзі дамыту орталығы ашылды

admin_mugalzhar

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar

ЖАҢА ІСТІ ҚОЛҒА АЛҒАН МАРИНА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.