«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ONER FESTIVAL»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Ақтөбе қаласында жыл сайынғы «ONER FESTIVAL» Халықаралық ашық конкурс-фестиваль өтті.
Халық шығармашылығы мен мәдени іс-шараларды ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда оқушылар «Хореография», «Вокал», «Хормен орындау», «Бейнелеу өнері», «Сәндік — қолданбалы  өнер», «Көркем сөз», «Театр өнері» жанрларын бойынша бақ сынады.
Аталмыш байқауға Мұғалжар ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, Гүлсана Алпысбаева жетекшілік еткен Амантай Нукусов, Жансұлу Серғали, Мансур Досжан, Омарәли Жангерей, Ринат Әділбеков, Ләйлім Сәйдім «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болса, Әмір Нұрлан «Қолөнер» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді. Ал Гүлсайран Бижанова жетекшілік еткен Тілек Самат, Нұрдос Абдуллаев, Жұмагүл Советова, Алданыш Нұратдин, Тоғжан Жақсылық, Нұрислам Құралбай «Қолөнер»  номинациясы бойынша І орынға ие болды. Сондай-ақ Гүлсана Алпысбаева мен Гүлсайран Бижанова және Арайлым Алмағанбетованың жетекшілігімен  Азиза Джанесова және Ержан Муханбетов «Қолөнер» номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алып, Түркістан қаласында өтетін «Жарқыра балапан» Республикалық байқауына тегін жолдаманы қанжығаларына байлады.

Ұқсас ақпараттар

Республиканың барлық өңірі «қызыл» аймақта

admin_mugalzhar

Маралбек БИТЕНОВ, жас әнші: «Бала кезден әнші болуды армандадым»

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar