«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 072 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kzсайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 568 (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 528  (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 787 және 987 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 672 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 530  адам тартылды», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда елімізде шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 710 жұмыс беруші бар. Оларда 383,1 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,6% — ы.

«Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 343 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 360 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 338 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 089, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 688 адам. Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 778 адам, Түркия – 1 158 адам, Үндістан – 1 121 адам, Өзбекстан – 623 адам», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% немесе 14,8 мың бірлік мөлшерінде белгіленген.

Ұқсас ақпараттар

ӨНЕР КӨЗІ — ХАЛЫҚТА

admin_mugalzhar

ЧЕМПИОН АЯУЛЫМНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

Мықты адамдармен жұмыс істеу — ләззат сыйлайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.