«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бірегей кәсіптер көрмесі өтті

Әрбір мектеп түлектеріне болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және еңбек нарығындағы ең сұранысқа ие бағыттармен танысуға мүмкіндіктер ұсынылды. Көрмені Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров аралап, жастар арасында техникалық және жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттау қажеттігін алға тартты.

Оның сөзінше, жұмысшы мамандықтардың дамуы – өңірдің экономикалық өсуінің негізгі факторы, ал білікті мамандарды даярлау – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі.

Көрме өңірдің 21 кәсіпорны, 40 колледжі және әлеуметтік серіктестерінің басын біріктірді. Оған қаладағы барлық мектептің 9-класс оқушылары шақырылды.

Ашық кәсіби алаңда колледждердің үздік тәжірибелері ұсынылып, өңір кәсіпорындары мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері көрсетілді. Оқушыларға токарь, тігінші, шаштараз, жүргізуші, электрик және басқа да жұмысшы мамандықтары бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Қатысушылар бұл арқылы тек мамандықтармен танысып қана қоймай, оларды тәжірибе жүзінде сынап көруге, әртүрлі кәсіптерге қажетті дағдыларды түсіне алды.

Көрме техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне өз жетістіктері мен инновацияларын таныстыруға септігін тигізді. Мысалы, Еуропалық жоғары экономика, бизнес және құқық колледжі дауыспен басқарылатын гуманоид робот пен ит-роботты көрсетті. Оларды қонақүй саласында қызмет етуге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету және іздестіру-құтқару операцияларында қолдануға әбден болады.

Қобда көпсалалы колледжі жиһаз жасауға арналған ағаш өңдеу бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, қатысушыларға токарьлік дағдыларын сынап көруге мүмкіндік берді. Шалқар көпсалалы колледжі оқушыларды жүнмен сурет салу және киіз бұйымдарын жасау техникасымен таныстырды.

Көрмеде ерекше білім беру қажеттілігі бар жастарға арналған сирек кездесетін мамандықтар мен кәсіптерге ерекше назар аударылды.

Кәсіпорын өкілдері колледждер және студенттермен үшжақты келісімдер жасасу мүмкіндігін талқылап, бұл түлектердің жұмысқа орналасуын жеңілдетуге жол ашты.

Сонымен қатар, көрме аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қатысушылар жұмыс берушілердің ұсыныстарымен танысып, түйіндеме жазу, сұхбатқа дайындалу, еңбек нарығындағы заманауи үрдістер, қызметкерлердің құқықтары мен жұмысқа орналасу шарттары туралы кеңестер алды.

@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты

admin_mugalzhar

Күн салқындап, жаңбыр жауады. 14-16 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

admin_mugalzhar

ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.