«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«MUGALZHAR QYZMET CUP» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шағын футболдан өткен «Mugalzhar qyzmet cup» турнирі мәресіне жетті.

Мұғалжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен турнирге мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардан барлығы 14 команда қатысты.

Бір айға созылған турнир тартысқа толы өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша «ПЧ-6» командасы жеңімпаз атанып, ауыспалы кубокті иеленді. ІІ орынды Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының командасы иеленді. Жүлделі ІІІ орынға «БЖСМ» ие болды.

Жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар дипломдармен және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар турнир барысында үздік ойын көрсеткен ойыншылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік бапкер», «Үздік көрермен» номинацияларымен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

МЕЙІРБАН ЖҮРЕКТІ МЕДБИКЕ

admin_mugalzhar

Тоқаев: Адвокаттардың ұсынысымен Ата заң жобасына адвокатура туралы жеке бап қосылды

admin_mugalzhar

ЖОЛ КАРТАСЫ: АУДАН ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar