«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Мұғалжар ауылдық округі әкімінің қызметіне 13 наурыз күні өткен ауыл тұрғындарының сайлау қорытындысы бойынша Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы сайланды.
Әлімжан Өмірсерікұлы 1968 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1994 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген.
Еңбек жолын Шалқар ауданында жұмысшы болып бастаған. Кейін Шалқар ауданы Талдықұм орта мектебінде мұғалім, мектеп директоры, Ембі қалалық №49 орта мектебінің директоры, Ембі қалалық №7 орта мектебінің директоры, Ембі қаласы әкімінің орынбасары, Жем, Ембі, Қандыағаш қалаларының әкімі, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2018 жылдан бастап осы күнге дейін Ембі қаласының әкімі болып еңбек етті.

Ұқсас ақпараттар

«Шаңырақ» бағдарламасына қатысыңыз

admin_mugalzhar

Қазақстанда әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы республикалық ақпараттық науқан басталды

admin_mugalzhar

Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды

admin_mugalzhar