«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛҒЫС ЖАУҒАН КҮН

Алғыс айту күні қарсаңында, бүгін аудандық мәдениет үйінде «Ізгіліктің бір ізі — алғыс айту» атты мерекелік шара өтті.
Шараның басы аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратовтың құттықтау сөзімен бастау алып, Алғыс хаттар табыстауға ұласты. Атап айтар болсақ, Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның Алғыс хатымен Мұғалжар аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымы марапатталды.
Сондай-ақ аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтің Алғыс хатымен «Коммуналшы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының орталық жылу қазандығының операторы Әділжан Қолғанатов және сол мекеменің сумен қамтамасыз ету қызметінің машинисі Лаура Алдашева, Қандыағаш пайдалану локомотив депосының байқау және жөндеу слесарі Нәдірбек Аяқбаев пен тепловоз машинисі Бақытжан Абулхайм, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Раш Наурызбаева, «Ақтөбе облыстық ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Мұғалжар аудандық филиалының басшысы Алия Омарова және сол бірлестіктің мүшелері, жеке кәсіпкерлер мен еңбек адамдары марапатталды.
Кеш барысында бейнеролик арқылы кезінде ауданның дамуына үлес қосып, бүгінде басқа аудан, облыстарда қызмет етіп жүрген жерлес жандардың алғыстары көрсетілді. Олардың қатарында «Amanat» партиясы Мәртөк аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әнуар Искарин, Ақтау теңіз флотының капитан-лейтенанты Ерасыл Магзомов, Қызылорда бөлімшесі, Сексеуіл станциясы бастығының орынбасары Мұқан Бұхарбаев болды. Сонымен қатар шетел асып, білімдерін шыңдап жүрген мұғалжарлық студенттер де Алғыс білдіріп, елдің түкпір-түкпірінен сәлем жолдап, барша жиналған көрермендерді қуантты.
Мерекелік кеш әрі қарай аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының әншашуына ұласты.

Ұқсас ақпараттар

Ахуал тұрақталып келеді

admin_mugalzhar

Нұрбол ИБРАЕВ, Қ.Жұбанов атындағы орта мектептің директоры: АТА-БАБАМЫЗ АСТЫ СЫЙЛАҒАН

admin_mugalzhar

2 МЫҢЖАС ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНА ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.