Адам папиллома вирусы – дененің әртүрлі бөліктерінің терісі мен шырышты қабаттарын зақымдайтын вирустар тобы. Ол жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, қатерлі ісік тудыруымен қауіпті. АПВ-ның 200-ден астам түрі бар, олардың 14 түрінде қатерлі ісіктің даму қаупі жоғары.
Жалпы бұл вирустың берілу жолдары әртүрлі. Атап айтар болсақ, бірінші — тұрмыстық байланыс арқылы (қол алысу, терінің зақымдануы арқылы). Вирус ылғалдыортадатез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауна, монша, спорт залдар, дәретхана, бассейндерге барған кезде мұқият болу керек. Келесісі — жыныстық қатынас арқылы, туу кезінде тікелей жолмен, яғни анадан сәбиге босану жолдарымен өтуі кезінде беріледі. Алөзіне-өзіжұқтыру арқылы берілетін жолы көбіне қырыну немесе эпиляция кезінде аталмыш вирус дененің бір аймағынан екіншісіне ауысуы арқылы болады.
—Адам папиллома вирусы жатыр мойны обырының қоздырғышы болып табылады. Бұл онкологиялық аурулардың ішінде кең таралған аурулар қатарына жатады. Біздің елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайлары тіркеледі. 600-ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады, — дейді аудандық санитарлық эпидемиялогиялық басқармасының бөлім басшысы Радина Иржанова.
Оның сөзінше, бүгінгі таңда жатыр мойны обырының алдын алудың бірден бір әдісі – вакцинация. Вакцинация арқылы әйелдерді жатыр мойны обырынан қорғайды. Осы вирусқа қарсы вакцина дүние жүзінің 135 мемлекеттерінде 15 жылдан астам уақыт қолданылып келеді. Олардың қатарында Еуропа, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан және тағы да басқа елдер бар.
— АПВ қарсы вакцина тиімді әрі қауіпсіз екендігі ғылыми дәлелденген, жағымсыз әсерлер туғызбайды. Вакцинаға қарсы көрсетілімдер болмаса, ата-аналарының немесе қамқоршыларының келісімінен кейін жасалады. Аталмыш вакцина дельта тәрізді бұлшықетке бұлшықет ішіне енгізіледі, 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі, — дейді ол.
АПВ қарсы вакцинация республикалық бюджет есебіненмектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттерінде жүргізіледі. Мұғалжар ауданы бойынша бүгінгі күнге 440 қыз балаларға, оның ішінде 11 жас-192, 12 жас-119, 13 жас-129 оқушыға вакцинациясалынды. Мамандар екпеден кейін жағымсыз әсерлер тіркелген жоқтығын жеткізді.
Айта кетейік, жатыр мойны обырының қоздырғышы — адам папилломавирусына қарсы вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді. ДДҰ ұстанымын және Қазақстан Республикасында халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың Ұлттық техникалық консультациялық тобының ұсынымдарын ескере отырып, 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізу 2024 жылдың қыркүйек айында басталды.
А.МАНАСБАЕВА