«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨНЕНІҢ КӨЗІ — КӨК МЕШІТ

Орналасқан жері: Мұғалжар ауданы, Ор ауылы. Зерттелуі: тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Е.Әжіғалидің 2010 жылғы «Хан моласы» қорымы және оның тарихи аймағы туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебінде Ор ауылындағы мешіт кешені деп көрсетіліп, жалпы сипаттама берілген. Қысқаша анықтамасы: Ескерткіш мешіттен, медреседен, тұрғын және имам мен ғибадат үйінен тұратын кешен болып табылады. Ор өзенінің сол жағалауында тегіс жерде орналасқан. Ескерткіштің аумағында кеңес уақытында малшаруашылығы үшін тұрғызылған құрылыстарың қазіргі таңда қалдықтары ғана сақталған. Мешіт тік төртбұрышты солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан бір қабатты ғимарат болып табылады. Ғимараттың қабырғасы өңделген қара тастардан саз балшықпен қаланып, іргетасы отырған. Ғимараттың үстіңгі жабыны ағаш бөренелер арқылы, ал шатыры жалпақ қаңылтыр металмен жабылған. Мешіт ғимаратының негізгі бөлігі оңтүстік бүйірлік қабырғасынан 8,0 м қашықтықта екі бөлмеге бөлінген, өлшемі 8,20х15,30 ғибадат залы болып табылады.
Мешіт ғимаратының оңтүстік бүйірлік қасбетінде жартылай сфералық аяқталымы бар апсида михрабы жартылай дөңгеленіп келеді. Қарама-қарсы бөлігінде пішіні бойынша тікбұрышты (2,90х4,60) кішігірім бөлме орналасқан, оның ішкі жағында сақталмаған мұнараға көтерілуге арналған басқыштың қаңқасы сақталған. Шығыс жағынан өлшемі 3,55х3,0 пішіні бойынша кішігірім тікбұрышты тамбур-бөлме жалғасады. Мешітте жалпы он терезе және алты есік ойықтары бар. Медресе мешіттен солтүстікке қарай шамамен 40-50 м қашықтықта орналасқан. Мешіт секілді ұқсас тас блоктарынан көтерілген бірқабатты ғимарат болып табылады. Жоспарында тікбұрышты пішінге ие, солтүстік-оңтүстік белдігіне бағытталған ұзын бөлігі бар. Ғимараттың ұзындығы 16,40, ені 6,55 м. Қазіргі уақытта медресе есік ойығымен біріккен екі бөлмеге бөлінген. Ғимараттың аражабыны мен жаппасы мешітке ұқсас. Жалпы медресе төрт есік және жеті терезе ойықтарынан (шығыс жағындағы бір терезе есікке айналған) тұрады. Аңыз-әңгіме: Жалпы бұл мешітті басқа жерден салу жоспарланған. Жерді таңдап жүргенде татар шебері осы жерге келіп сөйлесе, даусының жаңғырығы жақсы естілетінін көріп, сол қасиетті еске алып, осы жерден мешіт салған. Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, кешен 1902- 1905 жылдары Тама руынан жиналған қаржыға тұрғызылған. Сондықтан да мешіт «Таманың көк мешіті» деп аталады. Елек, Ор, Жем өзенінің бойындағы жалғыз мешіт болған. Ембі, Ащысай ауыл тұрғындарының барлығы Көк мешітке жұма намазына барып, намаздарын оқыған. Кеңес үкіметінің кезінде мешіттің айшығы мен күмбезін сол жердің басқарушысы болған Беляков деген кісі трактормен тартып құлатып, мешіттің ішіне тас жинаған.

Ұқсас ақпараттар

«КҮМІС ЖАС»: 57 ЕГДЕ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы елімізде алғаш болып IT-медицинаны дамытады

admin_mugalzhar

НҰРЛАН САРТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.