«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Су тасқыны қаупі бар аймақтар аталды

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында көктемгі ауа райы болжамының жаңартылған деректерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Министрдің айтуынша, биыл наурыз және сәуір айлары әдеттегіден жылы болады деп күтіледі. Сонымен қатар, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері көп түседі. Бұл көктемнің ерте келуіне және су тасқыны қаупінің артуына әсер етеді.

Су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарында: Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Ұлытау және Абай облыстары бар.

Қауіптілігі орташа өңірлер: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары.

Тасқын қаупі төмен өңірлер: Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.

Ұқсас ақпараттар

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

admin_mugalzhar

Ислам — ынтымақ және бірлік діні

admin_mugalzhar

ТАҚЫРЫП ТҰЗДЫҒЫ – ТӘРТІП ПЕН ТӘРБИЕ

admin_mugalzhar