«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Өңір басшысы ТЖ жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді

Төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб отырысында өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы мәселе қаралды.
Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласы мен 12 аудан аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарлы жүргізілуде. Дайындық аясында қорғаныс бөгеттері салынып, арықтар мен каналдарды, су өткізу құбырларын тазарту жалғасуда. Құм толтырылған қаптар дайындалып, өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде. Өңірімізде мұндай 22 орын бар.
Облыстық ТЖД бастығы Кахарман Оразалиннің айтуынша, ТЖД қызметкерлері 59 бау-бақша ұжымын (1 854 үй) аралап, тұрғындарға қауіп төнген жағдайда қалай әрекет ету туралы жадынамалар мен буклеттер таратты.
Асхат Шахаров су басу қаупін азайту үшін көшелерді және аула аумақтарын қардан тазартуды, жаңбыр суын сору жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне мониторингті күшейту және алдын алу шараларын уақытылы жүргізу міндеттелді.

Ұқсас ақпараттар

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

admin_mugalzhar

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІК ФУТБОЛШЫ ҚЫЗДАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

admin_mugalzhar