«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРІЛДІ

Оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру маңызды. Бұл туралы аудан әкімі Дархан Ермағанбетов «Кәсіптік шеберлік – өркендеудің кепілі» тақырыбы аясында өткізілген кездесуде айтты.

Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен кездесуге Қандыағаш қаласында орналасқан мектептердің 9-11 сынып оқушыларымен мектеп мұғалімдері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты — кәсіптік бағдар беру (профориентация) – қоғам тенденциясы мен қажетін ескеріп, оқушыларға мамандық таңдауға көмектесу болып табылады. Кездесу барысында аудан әкімі Дархан Жанысханұлы мамандық таңдауда қателеспеу және таңдаған мамандықты жақсы көру керектігін тілге тиек етті.

Аудан әкімі оқушыларға профилді пән таңдаған кезде физика, химия, биология, математика, информатика секілді пәндерді таңдап ҰБТ-ны тапсырып, техникалық мамандықтарды игеру жөнінде кеңесін айтты.

Кездесу соңында мектеп оқушылары аудан әкіміне мемлекет тарапынан қандай мамандықтарды игеруге грант бөлінетіндігін, жалпы мамандық таңдау, оның ішінде сұранысқа ие мамандықтар туралы қосымша өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын ала отырып, пікірлерімен алмасты.

Ұқсас ақпараттар

Дәрігер адамның өмір жасын ұзартудың оңай жолын атады

admin_mugalzhar

Синоптиктер су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады

admin_mugalzhar

35,6 тысяч рабочих мест создадут в этом году в рамках ДКЗ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.