«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа бағыт өңір экономикасының дамуына серпін береді

Айгүл САҚТАҒАНОВА, “Express Gruz” ЖШС басшысы, облыстық кәсіпкерлер палатасы көлік және логистика салалық кеңесінің мүшесі:

– Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың отырысында жаңа инфрақұрылымдық жобаның – Астанадан Арқалық, Торғай, Ырғыз арқылы өтіп, Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне шығатын автожолдың құрылысы басталатынын жариялады. Бұл жаңа магистраль елдің орталық және батыс өңірлері арасындағы жолды 600 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді. Ауқымды жобаны жүзеге асыру – еліміздің транзиттік әлеуетін едәуір кеңейтеді. Қытай мен Қазақстан арқылы өтетін Транскаспий бағыты Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға, Грузияға, әрі қарай Түркия мен Еуропа елдеріне шығуға жағдай жасайды. Ақтөбе облысы – батыс өңірдегі маңызды көлік торабы. Біздің аймақ арқылы жаңа бағыттың салынуы экономиканың дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жоба өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, көршілес аймақтармен және шет мемлекеттермен көлік-логистикалық байланыстарды нығайтады. Сондай-ақ шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз бұл жобаның өңірдің тұрақты экономикалық өсімі мен өркендеуінің негізі болатынына сенімдіміз.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА ҮЙЛЕР БИІК ЖЕРДЕ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

admin_mugalzhar

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.