«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

Қандыағаш қаласының орталық алаңында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтуде. Дүбірлі тойды тойлауға жиналған тұрғындардың қарасы көп болды.
Алаңға жалпы саны тоғыз киіз үй тігіліп, оларға қазақтың біртуар тұлғаларының есімдері берілген.


«Абай Құнанбаев», «Шоқан Уалиханов», «Әлия Молдағұлова», «Бауыржан Момышұлы», «Мұстафа Шоқай», «Міржақып Дулатұлы», «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 30 жыл» есімдерін иеленген алты қанат ақ ордалардың іші тақырыпқа сай безендіріліп, дастархан жайылды. Қала тұрғындары мен қонақтары киіз үйлерге еркін кіріп, мол дастарқаннан ауыз тиіп, наурыз көжеден дәм татты.


Аудан өнерпаздары жиналғандардың көңілін көтеріп, ән мен жырдан шашу шашып, тұсаукесер, беташар, ат қою секілді ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер қойды. Сонымен бірге келіндер мен әжелер шеруге шығып, шашу шашып, тойдан тәбәрік етіп, жыртыс таратты.
Сахна төріне көтерілген аудан әкімі Дархан Ермағанбетов тойшы қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ ҚАҚТЫҒЫСЫ ЖӘНЕ МҰҒАЛЖАРЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ЖАЙЫНДА

admin_mugalzhar

Сабақ кезінде мұғалімге де, оқушыға да ұялы телефон пайдалануға тыйым салынбақ

admin_mugalzhar

Президент жасанды интеллект дәуіріндегі әлемдік ахуалдың тұрақсыздығы туралы айтты

admin_mugalzhar