«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НАУРЫЗ АЙЫ ТУҒАНДА…

Наурыз мерекесі Ақкемер ауылында да кең көлемде аталып өтті. «Әз Наурыз, елге нұр жауғыз» атты мерекелік шараны Ақкемер әкімшілігі, мекеме ұжымдары ұйымдастырып, округтің шаруа қожалықтары демеушілік етті.
Округ әкімі Дамир Қожаниязов жерлестерін мерекемен құттықтап, жаңа жылға жақсылықтар тіледі.
Аталған шарада ауыл тұрғындары сайысқа түсіп, өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтар болсақ, Ақкемер-Елек ауылы арасында құнан жарысы мен тай жарысы өткізілді. Ал мерекелік шара мәдениет үйінің жанында өтіп, концерттік бағдарламаларға ұласты.
Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындары — аударыспақ, арқан тарту, ересектер арасында қошқар көтеру, 7-10 жас аралағындағы балалар арасында тоқты көтеруден жарыстар өтті. Байқауға қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттап, ауызбіршілік білдірген ауыл тұрғындары мерекелік дастарқанда наурыз көжеден ауыз тиіп, мейрамға белсене қатысқандар мен жеңімпаздарға марапаттар табыс етілді.
Әрі қарай лоторея билеттері ойнатылып, сый- сияпаттар ұсынылды.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

admin_mugalzhar

Ақсу ауылы тұрақты байланысқа қосылды

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы тұрақты

admin_mugalzhar