«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЗА БАСҚАНДАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ МАҢЫЗДЫ

Аудан әкімдігінде қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенамановтың төрағалығымен өткен жиналысқа комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде Мұғалжар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына белгіленген квоталар бойынша атқарылған жұмыстары туралы және кәсіпорын басшыларымен жәрмеңке ұйымдастыру туралы аудандық мансап орталығының есебі тыңдалды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен қылмысты қайта болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы аудандық №1,2 пробация қызметінің жауапты өкілдері баяндады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты мекеме басшыларын нақты тапсырмалар берілді.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛЕМ — ӘЙЕЛДЕРМЕН ӘСЕМ

admin_mugalzhar

29 қазан — Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

admin_mugalzhar

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕУДІ МАҚСАТ ЕТКЕН БАЛЫМБЕТ ҰСТАЗ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.