«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ТОПТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ҚАМТУ – МАҢЫЗДЫ

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетсіз топтарды жұмыспен қамту осы жылы да жалғасын табуда. Аталған топқа пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар, бас бостандығынан, айыру орындарынан босатылған тұлғалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар кіреді.
Аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Венера Урумбаева осы жылы пробация қызметі есебінде тұрған 21 адамды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 20 адамды, атаанасының қамқорлығынсыз қалған 26 жасты, мүмкіндігі шектеулі 13 адамды бос жұмыс орындарына квота бойынша орналастыружоспарланып отырғанын жеткізді.
— Пробация қызметі есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде «ВостокНефтьиСО» ЖШС-не1адам, «Коммуналшы» мекемесіне 1 адам квота бойынша тұрақтыжұмысқа орналастырылды. Дегенмен жоспар орындалмай отыр. Осы уақытқа дейін теміржол мекемелері жұмыстың қауіптілігін айтып, жұмысқа алудан бас тартып отыр. Ал кейбір мекемелерден бүгінгі күнге дейін жауап келмеді. Жауап бермеген мекемелерге бірнеше мәрте телефон арқылы хабарласып және бірнеше рет хат жолданды, алайда нәтиже болмай отыр. Орталық мамандары аудандық ішкі істер бөлімінен алынған тізім арқылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінде 3 адам квота бойынша жұмысқа орналасты. 2 адам квотадан тыс өзге мекемелерге жұмысқа орналасса, 2 адам «Бастау-Бизнеске» оқуға тіркелді, — деді ол.
Оның берген мәліметіне сүйенсек, атаанасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру бойынша 1 түлек қанажұмысқаорналасқан. Аудандық білімбөлімінен 87 жетімбаланыңтізіміалыныпты. Алайда 72 баланың квотаға жас сәйкестігі келмеген. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандар үшін берілген квотаны орындау қиындық келтіріп отырған көрінеді. Оның басты себебі, кәсіпорын басшылығы аталған топ азаматтарының өндіріс орындарына жарамсыз екенін алға тартып отыр.
Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ГАЗЕТ ТІЛШІСІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Димаш Құдайберген Тоқаевтан алған сыйлығын көрсетті

admin_mugalzhar

Кадрлық резервке белсенділер іріктелуде

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.