«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰМЖАРҒАНДЫҚ МҰҒАЛІМ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

27-28 наурыз күндері Астана қаласында математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының Республикалық кезеңі өтті.
Мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында өткен олимпиада мұғалімдердің кәсіби дағдыларын арттыруға ықпал етіп, зерттеушілік және шығармашылық тұрғыдан шыңдалуға, математикалық оқыту процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Аудандық, облыстық кезеңінен өтіп, олимпиаданың Республикалық кезеңіне 8 мұғалім қатысты. Санаулы мұғалімнің ішінен біздің ауданнан Құмжарған негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тоғжан Бекова да бағын сынап, Республикалық кезеңінің ІІ Дәрежелі Диплом иегері атанды.
Айта кетейік, олимпиада жылына бір рет ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтеді.

Ұқсас ақпараттар

«Аудан әкімдерін сайлау мәселесін әлі де зерделеу қажет – Мәжіліс депутаттары

admin_mugalzhar

Мұнай-газ саласының мамандары – экономиканың қуатты күші

admin_mugalzhar

ОҚУШЫЛАР ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar