«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мамырда қазақстандықтар қалай демалады?

Мамырда бірнеше мереке атап өтіледі, — деп хабарлайды MMassaget.kz. сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Мамырдағы мерекелер

Бейсенбі, 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні; жұма, 2 мамыр — жұмыс күні, ал 3-4 мамыр сенбі-жексенбіге сәйкес келеді. 5-6 мамыр — жұмыс күндері, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 8 мамыр — жұмыс күні, 9 мамыр — Жеңіс күні.
Мереке күндері ауыса ма?
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері 2025 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы бұйрықтың жобасы әзірленіп жатқанын айтқан еді.

«…Министрлік 2025 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы бұйрықтың жобасын әзірлеп жатыр. Ол министрліктің сайтында және ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет порталында талқылау үшін жарияланады», — деп жазылған еді бұған дейінгі хабарламада.

Алайда министрлік демалыс күндерін нақты қалай ауыстыруды жоспарлап отырғаны, демалыс күндері ауысып-ауыспайтыны әлі белгісіз.

Ұқсас ақпараттар

ЖУРНАЛИСТ-АРДАГЕРГЕ “ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ” АТАҒЫ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты

admin_mugalzhar

ӘДІЛЕТ ПЕН ГҮЛНҰР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

admin_mugalzhar